Президент Тоқаев ақын Нұрлан Оразалинмен кездесті

0
136
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрлан Оразалин.
1 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев ақын, қоғам қайраткері Нұрлан Оразалинді қабылдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 
Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздегі әдебиет пен өнердің жағдайы, рухани құндылықтар туралы мәлімет берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықтар ел дамуындағы маңызды фактор екеніне назар аударды. Қазақстан Президенті заман талабына сай жаңа әдеби шығармалар жазылып, әдебиет пен өнер саласында жүрген жастарды қолдау қажет екенін айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз