Путин мен Трамп кездеседі

0
73
РИА Новости

Мәскеу мен Вашингтон Владимир Путин мен Дональд Трамптың кездесуіне қатысты келісімге келді. Бұл туралы Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаков хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Ушаков қос мемлекет басшыларының кездесу мәселесі бұрыннан жабық түрде талқыланып келе жатқандығын алға тартып, саммиттің өтуіне қатысты мәмілеге қол жеткізілгендігін, тіпті саммиттің өтетін орны мен уақытына дейін келісілгендігін атап өтті. «Бұл туралы толығырақ біз ертең америкалық әріптестерімізбен бірлесе мәлімдейміз», – деді Ушаков.

Ушаков қос мемлекет басшысының кездесуі үшінші мемлекетте өтетінін алға тартты.

Жексенбіде австриялық Kronen Zeitung басылымы Трамп пен Путиннің саммиті өтетін қала Вена болуы мүмкін деген ақпар таратқан еді. Кейіннен Politico басылымы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, қос көшбасшы кездесетін қала Хельсинки болуы ықтимал екендігін жариялады.

Мәскеу мен Вашингтон аталған ақпарларды әзірге растамады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз