Путин мен Зеленский Қазақстанда кездесе ме?

0
120
Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленский. Photo: unian.info

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путин мен Украина президенті Владимир Зеленский арасында кездесу ұйымдастыруға тырысып жатқанын айтты.

12 қарашада Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana club жиынында сөйлеген Назарбаев Зеленскийдің кездесуге келіскенін, Путиннің бұдан хабардар екенін мәлімдеген.

2014 жылы Ресей Қырым түбегін аннексиялап алған соң Мәскеу мен Киев арасы суып кеткен. Кремльдің Украинаның шығысындағы сепаратистерді қолдауы да екі ел арасындағы жағдайды ушықтырып жіберген. Бірақ Ресей “Кремль Донбасс пен Луганскідегі сепаратистерді қолдап отыр” деген айыптауды жоққа шығарады. 2014 жылдан бері Украинаның шығысындағы қақтығыстан 13 мыңнан астам адам қаза тапқан.

“Егер Путин мен Зеленский кездесуге бейтарап жер іздесе, мен Қазақстанды ұсынамын” деді Назарбаев.

Нұр-Сұлтандағы жиында Назарбаев Қазақстандағы билік транзиті туралы да сөз етті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз