Путин: санкциялар мәнсіз

0
80
дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Мәскеуге қарсы санкциялар үшін Америка басшылығын сынға алды. Хельсинкиге жасаған мемлекеттік сапары барысында Кремль басшысы жаңа шаралар қолдану мақсатындағы аталған шектеу шаралары (санкциялар-ред) Ресейдің ішкі саясатын өзгертуге қауқарсыз деп мәлімдеген еді.

Дегенмен, Путин өзара қақтығыстың тоқтауына да үміт артып,”Санкцияларға қатысты айтар болсақ, аталған әрекеттер мәнсіз, әсіресе Ресейге қатысты. Аталған саясаттың еш қарқыны жоқтығын америкалық әріптестеріміз ұғынып, біз қалыпты режимде әріптестікті бастаймыз деген сенімдеміз”, – деді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, АҚШ қарастырып жатқан жаңа санкциялар пакеті Ресеймен әскери-техникалық қатынас аясын қамтиды яғни әскери және техникалық өнімдерге шектеу қойылу ықтималдығы.

Ресей болашақта химиялық және биологиялық қару қолдануға қанағаттанарлық деңгейдегі кепілдік бермесе, АҚШ жаңа санкциялар енгіземіз деп сес көрсетуде.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз