Путин мен Меркель Сирия және Украина жайын талқылады

0
71
Reuters

Германия канцлері Ангела Меркель мен Ресей президенті Владимир Путин сейсенбіде телефон арқылы сөйлесті. Қос президент атап айтқанда, Сириядағы жағдайды, Украина жайын талқылады. Бұл туралы РФ президентінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Путин тілдесу барысында «Сирияға қарсы басқындық жасаған Батыс елдерінің әрекеттері халықаралық құқық нормаларын бұзып, Сирия дағдарысын бейбіт реттеу процесіне айтарлықтай зиян келтірді» деп атап өтті.

Меркель өз кезегінде Ресейдің Сирия және Украинадағы әрекетін сынға алды деп жазады dw.com. Меркель Путин Башар Асадтың режимін қолдаса, демек Думада орын алған химиялық шабулыға Дамаскпен қоса Мәскеу де жауапты деді. Осы орайда Германия канцлері Ресеймен диалогты әрі қарай жалғастыруға ниетті екенін алға тартып, Путинмен «жақын болашақта» кездесетінін алға тартты.


14 сәуірге қараған түні АҚШ және Батыс коалициясы Думада орын алған химиялық шабуылға жауап ретінде Дамаскке қарсы зымыран шабуылын жасады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз