Қазақстан корейаралық саммит нәтижесін жоғары бағалайды

0
78

Қазақстан Республикасы 2018 жылғы 27 сәуірде Пханмунджом шекара бекетінде Корея Республикасының Президенті Мун Чже Инмен Корея Халық Демократиялық Республикасының көшбасшысы Ким Чен Ын арасындағы саммитті құптайды және корейаралық диалогты жандандыруға, сондай-ақ жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған келіссөздердің нәтижесін жоғары бағалайды.

Қазақстан ядролық қарусыздандыру тәжірибесі бар ел ретінде «Корей түбегінің бейбітшілігі, гүлденуі және бірігуі туралы Пханмунджом декларациясын» құптайды. Сондай-ақ, Корей түбегінің ядролық қарусыз мәртебесіне қол жеткізу бойынша екі елдің уағдаластығын толық қолдайды. Осы жылдың басынан бері қос Корея арасындағы белсенді диалог – корейаралық саммит және Пхеньянның ядролық сынақтардан және зымырандарды ұшырудан бас тартуы сияқты айтарлықтай нәтижелерге жеткізді.

Осытұрғыда, ең ірі ядролық сынақ полигонын жабу, ядролық арсеналдан бас тарту, тиісті әскери инфрақұрылымды жою, ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты іске асырып, ілгерілетуге қатысу туралы Қазақстанның шешімі еліміздің табысты және тұрақты дамуының кепіліне, белсенді сыртқы саяси бағыттың негізіне және аймақтық қауіпсіздіктің маңызды факторларының біріне айналуы үлгілі жағдай болып табылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз