28 наурыз күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Кездесуде Мемлекет басшысына еліміздегі құқық қорғау органдарының қызметі жөнінде есеп берілді. Қазақстан Президенті заң және заңнамалық нормалардың, сондай-ақ азаматтардың заңды мүддесін сақтау ісіндегі еліміздің қадағалаушы органы ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтті. Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.
Ғизат Нұрдаулетов 18 наурыз күні ҚР бас прокуроры қызметіне тағайындалған болатын.
Оның алдында Бас Прокурор болған Қайрат Қожамжаров күні кеше ҚР Сенат депутаты ретінде ант берді.