ҚР Парламент депутаттары демалысқа шықты

0
356
Парламент палатасының бірлескен отырысы.

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, алтыншы сайланған Парламент төртінші сессиясын аяқтады

«Бүгін біз алтыншы сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын аяқтап отырмыз. Бұл дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беріп, алдағы мақсаттарға назар аударатын маңызды кезең. Әрине, қай қоғамда болса да, қай уақытта болса да заңның орны әрқашан да ерекше. Себебі, заң бар жерде әділдік, бостандық және тыныштық бар. Осы жолда Парламент еліміз үшін, халқымыз үшін көптеген қажетті заңдарды қабылдады. Онда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төртінші сессияның ашылуында берген тапсырмалары мен Қазақстан халқына Жолдауы басшылыққа алынды», – деп тоқталды ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Осы орайда ол өткен сессия маңызды тарихи оқиғаларға толы болғанын атап өтті. Бірлескен отырыс барысында Н. Нығматулин дәстүр бойынша атқарылған жұмыстарға есеп берді. «Сессия барысында қос палатаның 5 бірлескен отырысы, Мәжілістің  41 және Сенаттың 46 жылпы отырысы өтті. Онда 319 маңызды мәселе қаралды. Жалпы, төртінші сессия басталған кезден 83 заң жобасы қабылданды. Оның ішінде 82 құжатқа Мемлекет басшысы қол қойып, олар өз күшіне енді», – деді Мәжіліс төрағасы. Өткен сессияда Парламентте 20 Үкімет сағаты, үш парламенттік тыңдау, 24 «дөңгелек үстел» отырысы, комитеттердің 29 көшпелі отырысы, сондай-ақ төрт халықаралық конференция ұйымдастырылды. Олар өте маңызды еліміздің экономикалық және әлеуметтік мәселелеріне арналды.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз