ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістанды диалогқа үндеді

0
64
ҚР СІІМ ғимараты.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы Кашмирде әскери-саяси ахуал ушығып тұр.

Қазақстан Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайға байланысты алаңдаушылық білдіреді. Қазақстан екі ел арасындағы ашық және конструктив саяси-дипломатиялық диалог қазіргі дағдарыстан шығудың жалғыз тиімді және қолайлы жолы деп санайды. Қазақстан тараптарды, ең алдымен, ахуалдың одан әрі ушығуын алдын алу үшін аймақтық және жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мүдделеріне негізделген барынша сабырлық пен халықаралық құқық нормаларын сақтауға шақырады, – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Бұған дейін Үндістанның әскери-әуе күштері Кашмирдегі террористер лагеріне соққы жасағаны туралы хабар тараған еді. Бұл қала Үндістан мен Пәкістан шекарасында тұр. Пәкістан тарапы Үндістанның әскери ұшақтары Кашмирдегі “бақылау желісін” бұзды деп есептейді. Үндістан тарапы болса, мұнда орналасқан террористерге Пәкістан билігі қолдау көрсетіп отыр деп айыптады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз