Сайлау нәтижесі бойынша “Amanat-қа” 40, өзге 5 партияға 29 мандат берілді

0
102

27 наурызда аумақтық және округтік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Парламент Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындылары шығарылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ОСК сілтеме жасап.

Сайлаушылардың нақтыланған тізімдеріне сәйкес Қазақстан Республикасы сайлаушыларының жалпы саны 12 миллион 035 мың 578 адамды құрады.

VIII сайланымның партиялық тізімдер бойынша сайланатын 69 депутатын сайлауда барлығы 6 миллион 366 мың 441 адам дауыс берді.

Жалпы республика бойынша сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:

– Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясына – 535 мың 139 дауыс немесе 8,41%;

– «AMANAT» саяси партиясына – 3 миллион 431 мың 510 дауыс немесе 53,90%;

– «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясына – 693 мың 938 дауыс немесе 10,90%;

– Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына – 331 мың 058 дауыс немесе 5,20%;

– Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясына – 146 мың 431 дауыс немесе 2,30%;

– Қазақстан Халық партиясына – 432 мың 920 дауыс немесе 6,80%;

– «Respublica» партиясына – 547 мың 154 дауыс немесе 8,59%;

– Бәріне қарсы – 248 мың 291 адам немесе 3,90% сайлаушылар дауысы.

Осылайша, дауыс беру қорытындыларын ескере отырып, саяси партиялар бойынша депутаттық мандаттар төмендегідей бөлінеді:

  • «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6,
  • «AMANAT» партиясы – 40,
  • «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 4,
  • «Қазақстан Халықтық партиясы» – 5,
  • «Respublica» – 6.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз