Қазақстан мен Ресей шекарасында 20 бекет салынып жатыр

0
112

Қазақстан «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасы аясында Ресеймен шектесетін шекарада 20 шекара бекетін салуда. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің шекара қорғау департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Ахметқалиевмәлімдеді.

«Жоба аясында 50 шекара бекетін салу жоспарлануда. Қазір солтүстік бағытта, Ресей Федерациясымен шекарада 20 шекара бекеті салынуда. Сондай-ақ оңтүстік шекарада үш модульдік бағананың құрылысы жалғасуда», – деді С.Ахметқалиев.

Сондай-ақ алдағы екі жылда автокөлік шекара бекеттерін қайта құру жоспарланып отырғаны айтты. Үкімет шекараның бүкіл периметрі бойынша 46 бақылау-өткізу бекетін қайта құру туралы шешім қабылдаған. 2024-2025 жылдары Қазақстан-Ресей шекарасындағы негізгі өткізу бекеттері жаңартылуы тиіс. Оның ішінде өткізу пункттеріне дейінгі қозғалыс жолақтарын кеңейту, шекара қызметі үшін жаңа ғимараттар мен нысандар салу, адамдар мен көліктердің ыңғайлы өтуін қамтамасыз ету. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз