СІМ: Нұр-Сұлтанда келесі Сирия келіссөздері желтоқсанның ортасында өтеді

0
145
Сирия бойынша Астана процесінің 16-кездесуі.

Сирия бойынша келесі келіссөздер Қазақстан астанасында желтоқсан айының ортасында өтуі мүмкін. Жиында кепілгер елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі де жоспарланған. Бұл жөнінде сәрсенбі күні үкіметте сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіге сілтеме жасап Vlast.kz сайты хабарлады.

“Қазір нақты уақытын талқылап жатырмыз. Шамамен желтоқсан айының ортасы болуы мүмкін. Барлық қатысушылардың желтоқсанның ортасында келуге келіскенін күтіп отырмыз”, – деді Тілеуберді. 

Министрдің сөзінше, тараптарға әлі шақыру жіберілген жоқ. Өйткені келіссөздердің форматы мен күн тәртібі әлі нақтыланбаған.

“Алдағы Астана процесінде кепілгер елдердің сыртқы істер министрлерінің кездесуі деп жоспарланып отыр. Тіпті формат осылай. Бірақ қазір барлық тараптан келісім күтудеміз”, – деді сыртқы істер министрі. 

Мұхтар Тілеубердінің айтуынша, Сирия бойынша Астана процесі офлайн өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз