Сирияға байланысты Астана кездесуі бұдан бұлай тоқтатылуы мүмкін

0
67

Астанадағы халықаралық 20-шы Сирия кездесуінің нәтижесі бойынша бұдан бұлай жиналыс тоқтатылуы мүмкін. Себебін Сириядағы ахуал өзгеріс тауып, елдің Араб мемлекеттері лигасына оралуына байланысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Қобыландыұлы Тумыш, Астанадағы 20-шы халықаралық Сирия кездесуінің қорытындысын жариялады.

«Сирия, аймақтардың оқшаулауынан біртіндеп шығуын, Астана процесінің жұмысын асқан абыроймен атқарып тәмамдағанының белгісі ретінде тұжырымдауға әбден болады. Осы ретте қол жеткізілген жетістіктерді, оның ішінде Сирияның Араб отбасына оралуын назарға ала отырып, Сирия бойынша бүгінгі кезекті 20-шы отырысты Астана процесі шеңберіндегі соңғы іс-шара деп ресми жариялаймыз, Бұл шешімді бірлескен мәлімдемеге енгізуді сұраймыз», – деді вице-министр.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Қобыландыұлы Тумыш

Қанат Тумыштың айтуынша Астана процесі аясында Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі 20-шы халықаралық кездесу аса нәтижелі аяқталған. 2017 жылдан бері 20 рет ұйымдастырылған кездесудің 18-і Қазақстанда ұйымдастырылған. Кездесулердің нәтижесінде Сириядағы жанжалдасушылар арасындағы қантөгісті тоқтату және адам шығындарын азайту болып табылған басты мақсатқа қол жеткізілген.

Бұдан бөлек Түркия-Сирия қатынасын жақсарту жөніндегі жол картасы бойынша кездесу де нәтижелі өткен.

Сирия бойынша Астана кездесуіне Қазақстаннан бөлек, Ресей делегациясы, Түркия және Иран делегациялары, Сирия өкілі, Сириялық оппозициялық топтар делегациясы, БҰҰ Бас хатшысының Сирия жөніндегі арнайы уәкілі, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғары комиссиясының басқармасы, Халықаралық Қызыл Крест комитеті, Йордания Хашемит королдігі, Ирак және Ливан Республикаларының өкілдері қатысты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз