Байден Си Цзиньпинді «диктатор» деп атады. Қытай жауап берді

0
159

Кеше АҚШ президенті Джо Байден Калифорнияда өткен ісшарада Қытай басшысы Си Цзиньпинді «диктатор» деп атады. 

Оның бұлай айтуына, осы жылдың қаңтар айының соңында АҚШ аспанында Қытайға тиесілі «шпиондық шар» анықталғаннан кейін Блинкен Қытайға сапарын белгісіз мерзімге шегерген болатын. 4 ақпанда АҚШ әуе кеңістігінде Қытай әуе шарын зымыран атып түсірді. 19 маусымда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Бейжіңге сапарының екінші күнінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

Ақ үй басшысы Си Цзиньпин әуе шарын АҚШ әуе кеңістігінде атып түсіргенде ұялғанын айтты, өйткені ол шардың бар екенін де білмеген.

«Мен шын айтамын. Диктаторлар не болып жатқанын түсінбесе, бұл ұят», – деді Байден.

Ал Бейжің АҚШ президенті Джо Байденнің Қытай төрағасы Си Цзиньпинге қатысты соңғы сөздеріне наразылық білдірді. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Нин бүгін брифингте мәлімдеді.

«АҚШ президентінің сөздері жауапсыздық, дипломатиялық этикет ережелеріне қайшы және ашық арандатушылық. Қытай қатты наразылық білдіреді», – деді Мао Нин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз