Тоқаев Ақордада Оңтүстік Корея президентімен кездесті

0
152

Оқи отырыңыз: Қазақстанға Оңтүстік Корея президенті келді

22 сәуір күні Ақордада ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Инмен кездесті. 

Алдымен екі елдің Президенттері бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін екі елдің әнұраны ойналды. Қазіргі уақытта мемлекет басшылары екіжақты келіссөз өткізіп жатыр.

Айта кетейік, Корея Президенті сапар барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен екіжақты кездесу өткізіп,  Қазақстан-Корей бизнес-форумына қатысады.

Нұр-Сұлтанға Корея Президентінің жұбайы да келген. Ол бүгін “Назарбаев” Университетіне барады.

Abdimanap KENES

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз