Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Данияр Есинді қызметінен босатты

0
231

12 сәуірде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің ахуалдық орталығының меңгерушісі Данияр Есинді лауазымынан босатты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Данияр Есин қауіпсіздік кеңесінде 2021 жылдың наурыз айынан бері қызмет атқарған.

41 жастағы Данияр Есин Қарағанды облысының тумасы. Қаржы полициясы академиясын, Қазақстан-Ресей университетін, Ресей президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Еңбек жолын 1998 жылы бастаған. 2020-2021 жылдары «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз