Тоқаев биыл алғашқы сапарын Еуропадан бастады: Президенттің Италияға сапарынан не күтеміз?

0
34

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға ресми сапармен барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 18 қаңтарда Италия президенті Серджо Маттарелламен, премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Қазақстан Президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен де кездеседі.

Тоқаевтың Италияға сапарынан не күтеміз?

Осы уақытқа дейін Қазақстан президенті Италияның қазіргі көшбасшыларымен ресми кездеспеген.

Былтыр 23 мамырда премьер Джорджа Мелони Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалып, тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған.

Италия өнеркәсібінің ЕО-дағы жетекші позицияларын ескере отырып, Қазақстан мен Италия арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастар мемлекет басшысының италиялық бизнес өкілдерімен (ENI, Bonifiche Ferraresi, Cassa Depositie, Prestiti және т.б.) кездесуінің маңызды бөлігі болады деп күтіледі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі, мемлекет басшысы талқылайтын салаларды тарқатып келтірді: Президент агробизнес, сирек металдар, TMTM, жасыл энергетика және тамақ өнеркәсібі, мұнай қызметтері бойынша келіссөздер жүргізеді.

Италия – Қазақстанның ең ірі үш сауда-экономикалық серіктесінің бірі
Италия – Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатындағы басымдық беретін, маңызды бағыты және стратегиялық серіктесі.

Тауар айналымы бойынша 2022 жылғы сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде 11,5%-дан астам үлесімен Ресей Федерациясы және Қытайдан кейін үшінші орында.

Қазақстанда Италияның қатысуы бар 303 компания тіркелген (2023 жылдың қазанындағы деректер). Негізінен кәсіпорындар құрылыс, сауда және ғылыми-техникалық қызмет салаларымен айналысады. Энергетика саласында Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ең ірі серіктесі – Eni S.p.A.

Айта кетейік, Қазақстаннан Италияға 2023 жылғы қаңтардан қазанға дейін 11,8 миллиард долларға 20,1 миллиард тонна шикі мұнай мен оның өнімдері экспортталды.

Қорыта айтсақ, Италияның ауыл шаруашылығы өнімдерін ірі әлемдік өндіруші (шарап өндірісі бойынша 1-орын, зәйтүн майы өндірісі бойынша 2-ші және ірімшік өндірісі бойынша 4-ші орын) ретіндегі жетекші позициясын ескере отырып, мемлекеттер арасындағы агроазық-түлік секторындағы ынтымақтастықтың келешегі жақсы болады деген болжам бар.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Италияға сапары екіжақты әріптестіктің жаңа өзара тиімділігін кеңейтуге қосымша серпін беріп, сауда-экономика және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз