Тоқаев Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

0
154
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған. Photo: Akorda.kz

Дүйсенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлескен. Президенттер бірін-бірі қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. 

Биыл наурыз айында Қазақстан мен Түркия екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өткен.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты сауда-саттық көлемін 5 миллиард долларға дейін, келешекте 10 миллиард долларға дейін арттырудың маңызды екенін айтты.

Түркия басшысы Қазақстан президентінің мамыр айында Анкараға жоспарлаған мемлекеттік сапары екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың дамуына тың серпін береді деп үміттенетінін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президентінің Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі бітімгерлік күш-жігерінің тиімділігін жоғары бағалаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз