Тоқаев үкімет басшылығымен жиналыс өткізді

0
313
Ақорда.

Сейсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшылығымен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиынға премьер-министр Әлихан Смайылов, президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, үкімет мүшелері және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшылығы қатысты.

Кеңесте Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың, шекара маңындағы өңірлер ықпалдастығының кешенді мәселелері қарастырылған.

Тоқаев жиын соңында Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндетін жүктеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз