Тоқаев мәжіліс төрағасын қабылдады

0
207
фото: Akorda.kz

4 шілдеде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс төрағасы президентке парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы, соның ішінде Қоғамдық палата құру жөнінде айтқан.

Бұдан бөлек, президентке мәжілістің VII шақырылымының екінші сессиясында атқарылған заң шығару жұмыстары туралы мәлімет берілген. Парламенттің төменгі палатасының спикері қабылданған бірқатар заңның мемлекет басшысы ұсынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өткен.

Ерлан Қошанов президентке 23-24 маусым аралығында Шолпан-Ата қаласында өткен түркі тілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясының XI пленарлық отырысына қатысқан Қазақстан делегациясы жұмысының қорытындысы туралы баяндаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз