Тоқаев мәжілісте не айтты?

0
406
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысына қатысып бірқатар мәлімдемелер жасады, елдің премьер-министрін тағайындады.

Оқи отырыңыз: Әлихан Смайылов Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды

  • ҰҚШҰ бітімгер күштері миссиясы аяқталды, алдағы екі күнде оларды шығару жұмыстары басталады. Оларды шығару он күндей уақыт алады.
  • Алматыны қалпына келтіру – менің парызым.
  • Кейбір аймақта ҰҚК департаменті жетекшілері нысандарды қаруы мен құпия құжаттары болса да, қарсылықсыз бере салды.
  • Бірінші мақсат – құқық қорғау органдары жүйесін реформалау. Әскери техниканы толықтырамыз.
  • Жұрттың табысы экономиканың өскеніне қарай өсуі тиіс. Бұл аксиома бізде жұмыс істемеді.
  • Қазіргі экономикалық жағдайдан қаржылық-олигархтық топтар пайда көрген. Қазақстан даму банкі негізінен белгілі бір топтың жеке банкіне айналды. Олардың фамилиясын бәріміз білеміз.
  • Мемлекеттік қолдауы анық емес және түсініксіз. Мемлекеттік қолдау жүйесінде “досыма бәрін беремін, ал қалғандарына заңмен беремін” деген жүйе қалыптасқан.
  • “Самұрық Қазына” қорын және оның бөлімшелерін тексеру қажет. Егер “Самұрық Қазына” қорын қайта құру мүмкін болмаса, ел экономикасына бұл қор қажет емес.
  • Астана LRT жобасы сәтсіз болды, оны мойындау керек. Бұл жобада жемқорлықтың иісі бар. LRT мәселесін шешу үшін шетелдік және отандық архитекторларды шақырудан басқа амалымыз жоқ.
  • Тоқаев үкіметке утилизация алымын жоюды тапсырды. Бұған дейін бұл алым елдің экс-президенті Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаеваға тиесілі екені айтылған.
  • Шаруашылық өсті деп айтуға келмейді. Біз импортқа тәуелдіміз.
  • Тоқаев “Бюджет қызметкерлерінің жалақысы мен зейнетақы өсе береді. Бірақ елде инфляция жоғары, осыны төмендету керек” деді және депутаттардың, әкімдердің және министрлердің жалақысын өсіруге бес жылға мораторий жариялады.
  • Тоқаев үкіметке 2022 жылға арналған бағдарлама дайындау үшін үш апта уақыт берді.
  • Тоқаев ҰҚК жүйесін толық қайта құратынын жариялады.
  • Қазақстан президенті “аймақтар арасында диспропорция бар” деді және Батыс пен Оңтүстік аймақтарда білім бағдарламасын және экономиканы дамытуды тапсырды.
  • Тоқаев елде бюрократия көп екенін айтты. Бұл туралы билік бұған дейін де көп айтқан еді. Ол мемлекеттік қызметкерлер саны қысқаруы мүмкін деді.
  • Тоқаев: Кейбір меморгандар халықпен сөйлесе алмайды, кейде халық алдына шығудан қорқады. Әкімдер жұртқа өзі баруы керек.
  • Тоқаев: Сандармен ойнауды қойып, іске көшу қажет.
  • Қазақстан президенті қаржыны шетелге шығару қаупі көп екенін айтты. “Біз кейбір компаниялардың есебінде қозғалыс басталғанын білеміз” деді және қаржы секторына мұны қатты қадағалауды тапсырды.
  • Тоқаев халықтың табысын көтеретін, кедейлікті төмендететін шаралар қабылдауды тапсырды.
  • Қазақстан президенті аумақтарға мықты мұғалімдерді тартуды және университеттерде техникалық мамандықтарға басымдық беруді тапсырды.
  • Тоқаев: 2025 жылға дейін елде шетелдік бес университеттің филиалын ашу керек. Олардың екеуі Батыс аймақта болуы керек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз