Тоқаев осы аптада Италияға ресми сапармен барады

0
20
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсіп жатыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Оқи отырыңыз: Тоқаев Рим папасына домбыра сыйлады

Қазақстан президенті сапарының алғашқы күні Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-министр Джорджа Мелонимен келіссөздер жүргізеді.

Сонымен қатар, Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр.

Президент келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз