25 қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясы барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесті. Бұл – екі ел басшыларының алғашқы кездесуі.
Екі ел басшылары “Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды мәселелері мен болашағын” талқылаған.
Ақорда сайтының хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-пен саяси, сауда-экономикалық, гуманитарлық, сондай-ақ өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы жан-жақты қарым-қатынасты одан әрі нығайтуды жалғастыра беретінін атап өткен.
АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2018 жылы 37 пайызға ұлғайып, 2,24 миллиард долларға жеткен.
Бұл – Тоқаевтың президент ретіндегі АҚШ-қа алғашқы сапары. Ол бұрын БҰҰ бас хатшысының орынбасары болып қызмет еткен.