Тоқаев Путинге телефон шалды. Екі президент вакцина өндірісін талқылады

0
294
Photo: akorda.kz

18 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ресей президенті сайтының таратқан ақпаратында қоңырауды Қазақстан тарабы шалған.

Президенттер екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін егжей-тегжейлі талқылаған.

Тоқаев екі елдің пандемияға қарсы күрес жұмыстарына оң бағасын беріп, Қарағанды  қаласында “Спутник V” вакцинасының өндірісі іске қосылғанын айтыпты. Екі елдің үкіметтері ресейлік вакцинаны Қазақстанға жеткізу туралы келісімге келген.

Биыл Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу туралы келісім жасалған.  Ал оны өткізу формасына қатысты нақты шешім эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданады.

Путин Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуразиялық экономикалық одақты одан әрі дамытуға және оның әлеуеті мен беделін нығайтуға қатысты барлық ұсыныстарымен келіскен. Президенттер аталған интеграциялық бірлестіктің қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз