СІМ Сирия келіссөзі бойынша мәлімдеме жасады

0
159
Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Photo: Telegram / MFA Qazaqstan

18 ақпанда Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирия бойынша Астана форматындағы 15-ші халықаралық кездесудің қорытындыларын құптайтынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Елордада Сирия мәселесі бойынша Астана процесінің XIII раунды өтті

“16-17 ақпанда Сочиде өткен Астана процесінің кепілгер елдері Ресей, Иран және Түркия, сондай – ақ БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы уәкілінің қатысуымен Сирия үкіметі мен оппозициясының көпжақты және екіжақты консультациялары 2021 жылы жоспарланған президент сайлауы алдында Сирия дағдарысын саяси реттеудің кейінге шегерілмейтінін растайды”, – делінген министрлік мәлімдемесінде.

Министрлік Қазақстан Астана процесінің қағидаттарын берік ұстанатынын жеткізді.

Оқи отырыңыз: Сириядан Қазақстанға тағы 12 адам оралды

Сирия бойынша Астана келіссөзі 2017 жылы қаңтарда Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысы бойынша басталған. Нұр-Сұлтандағы Сирия бейбіт келіссөзі Женевадағы БҰҰ бастамасымен ашылған келіссөзден бөлек өткен.

Келіссөз Сириядағы азамат соғысын тоқтатуды көздейді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз