ҰҚШҰ әскері Қазақстаннан екі күннен кейін шығарыла бастайды

0
333
ҰҚШҰ әскері.

11 қаңтарда мәжіліс отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күннен кейін ҰҚШҰ контингенті біртіндеп елден шығарыла бастайды деп мәлімдеді.

“ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды” деді ол.

5 қаңтарда елде жағдай ушыққан тұста Тоқаев құрамына Қазақстан да кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрады. Ұйымға мүше Ресей, Армения, Беларусь Қазақстанға көмекке әскер жіберетіндерін мәлімдеді. 6 қаңтар кешкісін Ресей әскері елге жетті. Қоғамда шетелдік әскерилердің кіргеніне қарсылық өршіген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз