Тоқаев шетелдегі елшілерді тағайындады

0
95
Ақорда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, 18 сәуірде бірнеше елдегі төтенше және өкілетті елшілерді тағайындады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әлім Дәуренұлы Байел Қазақстанның Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ал бұған дейін елші болған Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімов Әзербайжандағы төтенше және өкілетті елші лауазымынан босатылды.

Мағжан Жанботаұлы Ілиясов: 

Жарлыққа дейін: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елші

Жарлықтан кейін: Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі, Исландиядағы, Ирландиядағы төтенше және өкілетті елші

Қайрат Асаниязұлы Саржанов:

Жарлыққа дейін: Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елші

Жарлықтан кейін: Швейцария Конфедерациясы, Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді Әскери Госпитальерлер Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елші

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз