Тоқаев жаңа кеңесшісін тағайындады

0
175
Ақорда.

4 ақпанда Қазақстан президентінің өкімімен Әкімжанова Маржан Әбдіжүсіпқызы президент кеңесшісі болып тағайындалды. 

Қазақстан президентінің кеңесшісі Әкімжанова Маржан Әбдіжүсіпқызы.

Маржан Әкімжанова 2016 жылдан бері Қазақстан президентінің баспасөз хатшысының орынбасары болған және “Құрмет” орденімен марапатталған.

Ол әр жылдары Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі, президент хаттамасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Айта кетейік, Әкімжанова Тамара Дүйсеновадан кейінгі Қазақстан президентінің кеңесшісі атанған екінші әйел.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз