Тоқаев жаңадан құрылған облыстардан Сенат депутаттарын сайлау күнін бекітті

0
163
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

Дүйсенбіде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған үш облыс – Абай, Жетісу және Ұлытау облысынан парламент сенатының депутаттарын сайлау күнін 24 тамызға белгіледі.

Ақорда сайтында жарияланған президент жарлығында “Дауыс берудi өткiзу, сайлау қорытындыларын белгілеу жəне сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмiн айқындау “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” заңның 29-бабына сəйкес жүзеге асырылады” деп көрсетілген.

Тоқаев үкіметке, Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының əкімдеріне сенат депутаттарын сайлауды ұйымдастыруды тапсырған. Парламент сенатына әр облыс пен республикалық маңызы бар – Алматы және Шымкент қалаларынан және Қазақстан астанасы – Нұр – Сұлтан қаласынан екі депутаттан сайланады. Оларды аталған облыстар мен қалалардың мәслихаттары сайлайды.

Биыл Қазақстанда жаңадан Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз