Трамп пен Ким Чен Ынның кездесетін орны нақтыланды

0
115
дереккөзден

Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік пен Солтүстік Кореяның шекарасындағы Пханмунджом демилитаризацияланған келіссөздер пунктінде кездеседі. 

Корея Республикасының президенті Мун Чже Ин 27 сәуірде өткен саммитте демилитаризацияланған аймақта кездесу үшін барлық жағдай жасалғанын алға тартып, АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының Пханмунджомда кездесу өткізуін ұсынған.

Кездесу барысындағы кейбір шара шекараның солтүстіккореялық жағында өту ықтималдығы басым.

Бұған дейін Донаьлд Трамп Солтүстік пен Оңтүстік Корея шекарасында орналасқан «Бейбітшілік үйінде» келіссөздер өткізудің тиімділігін мәлімдеген болатын. Дегенмен, екі ел басшыларының әлі де нақты қай күні кездесетіні белгісіз.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз