Трамп Путинді жеңісімен құттықтаудан неге бас тартты?

0
54

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинді 18 наурызда өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтаудан бас тартты. Бұл туралы Би-би-си-дің орыс тілді агенттігі хабарлайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысының орынбасары Хогана Гидли Вашингтон үшін Путиннің жеңіске жетуі күтпеген жағдай болмағанын және Кремльге құттықтау жолдау алдын ала жоспарланбағанын мәлімдеді. Дегенмен, алдағы уақытта АҚШ Ресеймен қажетті салалардың барлығында бірлесіп жұмыс атқаратынын жасырмады.

Хогана Гидли:

«Алдағы уақытта біз Ресеймен қарым-қатынасымызды одан әрі дамытамыз. Бірақ біздің мүдделерімізге теріс әсерін тигізетін қадамдарға барса, бұл үшін жауап береді. Біз үшін бұл сайлаудың нәтижесі таңғаларлық болған жоқ», –

дейді.

Батыс лидерлері де Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтауға асықпады.

Алғашқы болып Кремльге құттықтау хаттарын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин мен Әзербайжан, Белоруссия, Армения, Венгрия, Өзбекстан, Венесуэла, Түрікменстан, Қазақстан, Тәжікстан, Куба, Молдова, Қырғызстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия басшылары жолдады.

Ал Еуропалық Одақ сайлау кезіндегі сайлау процесінің бұзылуына жол берілгендігі үшін алаңдаушылық танытып отырғаны туралы мәлімдемені халыққа жария етті.

Еуропалық Одақтың мәлімдемесінде

«Біз Ресейдегі сайлау кезіндегі құқық бұзушылықтар мен кемшіліктерді ретке келтіреді деген үміттеміз», –

делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз