Зеленский Назарбаевты Украинаға шақырды

0
74
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Украинаның президенті Владимир Зеленский. Photo: elbasy.kz

Жапония астанасында Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина презмденті Владимир Зеленскиймен кездесіп сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы elbasy.kz сайты хабарлады. 

– Мен Украинаны күнде бақылап отырамын. Сіздің ел маған таңсық емес. Өзім екі жыл бойы Украинада білім алдым. Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап сіздің еліңіздің барлық президенттерімен жақсы таныс болдым, – деді Назарбаев.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірген.

Ол Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеудің маңыздылығын ерекше атап өткен.

– Сіз халықтың үлкен сенімімен сайландыңыз. Белгілеген жоспарларды жүзеге асыруға барлық мүмкіндігіңіз бар, – деді Елбасы.

Өз кезегінде Владимир Зеленский Украина әрқашан Қазақстанды ауқымды мәселелерде қолдайтынын атап өткен.

Келіссөз барысында В. Зеленский Нью-Йоркте Қазақстан президенті Қ.Тоқаевпен танысқанын айтып, Назарбаевты Украинаға шақырды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз