2023 жылы Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

0
224
фото: inform.kz

2023 жылдың 10-12 ақпаны аралығында Астанада жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратына сәйкес, жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді.

“Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембек алдағы чемпионатқа дайындық барысын талқылады. Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі де көтерілді“, – деп мәлім етті Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз