Кіші футболдан чемпиондар лигасының 1/8 финалында Ақтөбе қаласының “Ақтөбе” футзал командасы cловениялық “Добовец” командасынан жеңілді.
Алматы қаласындағы “Nur-Aman” спорт кешенінде өткен ойында 1-2 есебімен “Добовец” командасы жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.
Ойынның 9 минутында “Ақтөбе” сапындағы Витао есеп ашты. Алайда, екінші таймның 27 секундында және 4 минутында “Добовец” ойыншылары гол соғып есеп бойынша алға шықты. Екінші таймның соңында ұтылып жатқаны үшін “Ақтөбе” командасы алаңнан қақпашыны алып, 5 ойыншымен ойнады. Дегенмен есеп өзгермей “Ақтөбе” командасы Алматы қаласында жеңіліс тапты.