“Астана” Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне өтті

0
82
“Астана” мен даниялық “Мидтьюлландтың” арасында Чемпиондар Лигасындағы екінші ойын өтті.
Алаң иесі “Мидтьюлланд” бірінші кездесуде “Астананың” қақпасына гол салғанымен, Кляйнхайслердің дублінің арқасында отандық команда жеңіскен жеткен еді. Ал екінші ойында даниялық команда бір гол салып, қорғанысқа жатып алса, олар келесі кезеңге өтер еді. Бірақ “Астана” футбол клубының ойыншылары тағы да өздерінің бұл турнирде ұзағырақ қалғылары келетінін дәлелдеді. Эрич пен оның қорғаушылары қарсы команданың ойыншыларына еш мүмкіндік бермеді.
Ойын 0-0 тең нәтижесімен аяқталып, “Астана” командасы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне аттануға үлкен қадам басты. Келесі кезеңде Хорватияның “Динамо” Загреб командасымен күш сынасатын болады.
Белбайлы Арман

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз