30 қазан, сенбі күні футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Тұран” командасымен кездесті.
Паралелді өтіп жатқан оралдық “Ақжайық” пен “Тобыл” арасындағы матчта 0-2 есебімен қостанайлықтар жеңіп, 61 ұпаймен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды.
Астана мен Тұран клубтарының арасындағы ойын 1-1 есебімен тең аяқталды. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.
Алғаш болып 11 минутта Астана сапынан Макс Эбонг есеп ашты. Осылайша бірінші тайм 1-0 есебімен аяқталды. Ойынның 78 минутында Астана ойыншысы Чуперка қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Дәл сол айып добының шабуылын түркістандықтар голмен аяқтады. (Талғат Нөсербаев).
Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 26 турдан кейін 57 ұпай жинап, маусымды екінші орынмен аяқтады. Ал, Тұран командасы 26 ұпаймен 12 орында аяқтады.