Астана vs Ренн: 2:0

0
97

«Астана» футбол командасы Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші турында француздық “Реннді” 2:0 есебімен басып озды.

Футбол алаңында астаналықтар мачты бірден шабуылдаудан бастаған болатын.
Мачтың 64- минутында алғашқы голды қазақстандық “Роналду” деген лақаб атқа ие Зайнутдинов қарсыластың қақпасына дөп тигізген болса, тоқсан бірінші минутта Томасов командаға екінші ұпайды алып берді.

Осылайша, “Астана” төрт ұпаймен К тобының көш басына шықты. Еуропа лигасының топтық кезеңінің үшінші турында “Астана” клубы Чехияда “Яблонецпен” командасымен 26 қазанда жүздеседі.

Еске сала кетсек, алғашқы турда “Астана” “Динамомен” бәсекелесіп, 2:2 есебімен тең түскен болатын. Ал “Ренн” болса өз алаңында “Яблонецті” 2:1 есебімен жеңді.

“Астана” футбол командасынан алаңға Эрич, Рукавина, Аничич, Энрике, Томасов, Маевский, Зайнутдинов, Алмейда, Кабананга, Постников, Шомко шықты

Айта кетейік, бүгінгі матчты стадионнан 28500 адам тамашалап, осы маусымдағы рекордты көрсеткішке жетті.

Жадыра Аманбайқызы

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз