Астана өз алаңында Ордабасыдан ұтылды (фотоесеп)

0
108
Тигран Барсегян

Футболдан Olimpbet – Қазақстан чемпионатының он жетінші турында нұрсұлтандық “Астана” өз алаңында “Ордабасы” командасынан 0-2 есебімен ұтылды.

Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы “Астана арена” стадионында жанкүйерлер қатысуымен өтті.

Ойынның голдары матчтың алғашқы таймында соғылды. Алғаш болып 21 минутта Бағдат Каиров әуелете келген допты баспен соғып есеп ашты. Араға 3 минут салып, 24 минутта Жоао Пауло есепті еселеп 0-2-ге жеткізді.

Осылайша Андрей Тихонов жаттықтырған жігіттер 17 турдан кейін 38 ұпай жинап, кестеде 1 орында тұр. Ал, Ордабасы командасы 24 ұпаймен 5 орында тұр. Келесі турда “Астана” командасы 27 маусым күні сырт алаңда “Қызылжар” командасына қарсы ойнайды. Ал, “Ордабасы” өз алаңында “Жетісу” клубын қабылдайды.

ФК Астана жанкүйерлері
ФК Ордабасы жанкүйерлері
Марин Томасов
Лука Шимунович
Жоао Паулоның гол соққаннан кейінгі қуану сәті
ФК Астана жанкүйерлері
ФК Астана жанкүйері
ФК Астана капитаны Абзал Бейсебеков
Макс Эбонг
Лука Шимунович матч соңында жанкүйерлерге алғыс айтып, қол соғуда

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз