«Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы анықталды

0
184
photo: gov.kz

Мақсат Исағабылов Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ХІ республикалық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

3 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс-Арена» мұз сарайында қазақ күресінен «Қазақстан барысы» ХІ республикалық турнирі өтті.

Биылғы көктемде ауылдық, аудандық, облыстық (қалалық) деңгейде және күш құрылымының өкілдері арасында іріктеу кезеңі өтіп, жарысқа қатысқан бес мыңға жуық спортшының 36-сы финалда бақ сынасты.

photo: gov.kz, жеңімпаз Мақсат Исағабылов

Чемпион атанған Мақсаттың жүлде қоры 25 миллион теңге, алтын белбеу мен ауыспалы алтын «Тайтұяқ» сыйлығы болды.

Бұдан бөлек Нұрдәулет Жарылғапов күміс жүлдегер атанды. Ол 5,5 млн теңге және күміс белбеу иеленді. Қола белбеу Ғалымжан Қырықбайға бұйырды. Оған 1,8 млн теңге берілді.

photo: gov.kz

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз