9 қазанда футболдан әлем чемпионаты 2022 топтық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойын өткізді.
Босния және Герцеговина ұлттық құрамасы топтық іріктеу кезеіңінің алтыншы турында Қазақстанды 0-2 есебімен жеңді. Осыған дейін дәл осындай есеппен ұлттық құрама іріктеу кезеңінінің екінші турында франциялықтарға есе жіберген еді.
Алғашқы таймның 25 минутында Превляк есеп ашты. Екінші таймда Превляк тағы да гол соғып дубль жасады. Ойын 0-2 есебімен аяқталды.
Осылайша Талғат Байсуфинов жаттықтырған жігіттер өз алаңында ұпай ала алмады. Ал, Босния және Герцеговина құрамасы 6 ұпаймен үшінші орында тұр.
Қазақстан ұлттық құрамасы 12 қазанда өз алаңында Финляндия құрамасына қарсы ойнайды.