Қазақстан – Босния және Герцеговина матчынан фоторепортаж – 0:2

0
180

9 қазанда футболдан әлем чемпионаты 2022 топтық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Босния және Герцеговина құрамасына қарсы ойын өткізді.

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасы топтық іріктеу кезеіңінің алтыншы турында Қазақстанды 0-2 есебімен жеңді. Осыған дейін дәл осындай есеппен ұлттық құрама іріктеу кезеңінінің екінші турында франциялықтарға есе жіберген еді.

Алғашқы таймның 25 минутында Превляк есеп ашты. Екінші таймда Превляк тағы да гол соғып дубль жасады. Ойын 0-2 есебімен аяқталды.

Осылайша Талғат Байсуфинов жаттықтырған жігіттер өз алаңында ұпай ала алмады. Ал, Босния және Герцеговина құрамасы 6 ұпаймен үшінші орында тұр.

Қазақстан ұлттық құрамасы 12 қазанда өз алаңында Финляндия құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан жанкүйерлері
Қазақстан жанкүйерлері
Футзалдан Литвада өткен әлем чемпионатының естелік сөзі
Қазақстан құрамасы
Босния және Герцеговина құрамасы
Қазақстан сапындағы ойынның үздік ойыншыларының бірі Бахтиер Зайнутдинов
Марат Быстров Босния құрамасының жұлдызды ойыншыларының бірі Сеад Колашинацқа қарсы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз