Қазақстан футбол құрамасы өз алаңында Бельгиядан жеңілді

0
129
Қазақстан мен Бельгия құрамалары қол алысу үстінде. "Астана Арена" стадионы. 13 қазан. 2019 жыл.

13 қазан күні Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан ұлттық құрамасы “Астана Аренада” Бельгиядан 0:2 есебімен ұтылды.

Қазақстан құрамасы ойынды жақсы бастаған. Алайда 21-минутта бельгиялық 23-нөмірдегі шабуылшы Миши Батшуайиге қазақтардың қақпасын дәл көздеді.

Екінші голдың пасын 53-минутта қонақтардың капитаны Эден Азар берді. Оң қанаттан ашыла бастаған Тома Менье Непогодов қақпасына дәл соққы бағыттап, есепті еселей түсті.

Ойын аяғына қарай бельгиялықтар тағы да гол соғу үшін шабуылдар ұйымдастырды, бірақ алаң иелерінің қорғанысы сыр бере қоймады. Осылайша, ойын 0:2 есебімен аяқталды.

І тобында 8-турдан кейін Қазақстан 7 ұпаймен 4-орында қалды. Ал Бельгия толық 24 ұпаймен бірінші орынға нық жайғасты.

Abdimanap KENES
Photo: Turar KAZANGAPOV

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз