Қазақстан футзал құрамасы Черногорияны ірі есеппен жеңді

0
223

12 қазанда әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан футзал құрамасы сырт алаңда Черногория құрамасын 1:5 есебімен жеңді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ойын ПОдгорица қаласындағы «Верде Комплекс» алаңында өтті.

Матчта бірінші таймның ортасында қазақстандықтар есеп ашты. Алайда черногориялықтар көп ұзамай есепті теңестірді. Алғашқы таймның соңына таман Қазақстан құрамасы тағы да есеп айырмасында алға шықты. Ал екінші тайм толықтай ұлттық құрамамыздың есебінде болды.

Черногория – Қазақстан (1-5):

  • 10′ – Лео (KAZ)
  • 16′ – Маркович (MNE)
  • 18′ – Эдсон (KAZ)
  • 28′ – Кнауб (KAZ)
  • 28′ – Ақбалықов (KAZ)
  • 37′ – Тайнан (KAZ)

Әлем чемпионатына іріктеу ойындарында Қазақстан құрамасы осымен екі ойын өткізіп, 6 ұпай жинады. Келесі матч 9 қараша күні Алматы қаласы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Черногорияға қарсы өтеді. Басталуы Астана уақытымен – 20:00.

Іріктеу кезеңі, Қазақстан құрамасының матчтары:

  • 08.10.2022; Қазақстан – Словения (2-0)
  • 12.10.2022; Черногория – Қазақстан (1-5)
  • 09.11.2022; Қазақстан – Черногория
  • 08.08.2023; Словения – Қазақстан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз