Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатын жеңіспен бастады

0
92

Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан мен Коста-Рика құрамалары кездесіп, 6-1 нәтижесімен қазақстандықтар алғашқы ойынын жеңіспен бастады.

Рикардо Кака жаттықтыратын жігіттер алғашқы таймнан-ақ матчты өз тізгіндеріне алды.

Бірінші тайм 4-1 есебімен аяқталды. Ал екінші таймда қазақстандықтар тағы екі гол соқты. Қазақстан тарапынан гол соққандар: Есенаманов, Тұрсағұлов, Дуглас, Тайнан, Оразов және соңғы голды тағы да Тайнан.

Қазақстан енді 15 қыркүйекте әлем чемпионатының алаң иесі Литваға қарсы ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан футзал құрамасы Литвада өтетін әлем чемпионатының А тобында өнер көрсетеді. Турнир 12 қыркүйекте басталып 3 қазанда аяқталады. Қазақстанның топтық кезеңдегі қарсыластары әлем чемпионатының алаң иесі Литва және Америка құрлығынан келген Венесуэла мен Коста-Рика құрамалары.

Жалпы Литвада өтетін әлем чемпионатында 24 мемлекеттің құрамасы 6 топқа бөлініп, өзара жарысады. Плей-офф кезеңіне топтағы 1 және 2 орын иеленген командалар шығады. Бұдан бөлек ⅛ финалда 16 құрама өнер көрсетуі үшін топтық кезеңде жоғары ұпайлар жинаған тағы 4 құрама плей-офф кезеңіне жолдама алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз