Қазақстан тарихында алғаш рет қазақ палуан әлем чемпионатынан алтын жеңді

0
64
Ризабек Айтмұқан, фото: olympic.kz

Қазақстан тарихында бұрын болмаған, еркін күрестен алтын медалді елге әкелген Ризабек Айтмұқан бар-жоғы 19 жаста.

16-24 қыркүйек арасында Сербияның Белград қаласында еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер арасында күрестен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Турнир нәтижесі бойынша күрестің барлық үш түрінен, 18 олимпиадалық салмақ дәрежесінің әрқайсысынан бес спортшыдан Париж-2024 жазғы олимпиада ойындарына қатысу үшін олимпиадалық лицензия алады. Алайда Ризабек Айтмұқанның салмақ дәрежесі олимпиада ойынының салмақ дәрежесіне жатпайды.

Қазақстандық 92 кг салмақ дәрежесінде, финалда әзербайжандық Осман Нұрмагомедовты 2-0 жеңіліп жатқан жерінен, 2-5 ұпаймен жеңіп кетті.

«Мен әлем чемпионы атанғанымды әлі де толық сезіне алмай тұрмын. Енді допинг бақылауынан өткеннен кейін, сезінетін шығармын. Үйге оралғанда, қазіргіден де қаттырақ сезінетініме сенімдімін», – деп түсіндірді чемпиондық сезімі туралы спортшы.

Бұдан бөлек Ризабек, бұл жеңіске жету үшін 9 жыл бойы аянбай еңбек еткенін айтты. Ол 2019 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өткен кезде, өзінің сол шарада ерікті болып іс атқарғанын және араға 4 жыл салып арманына жеткенін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз