Қазақстандық боксшы Лондонда қарсыласын нокаутқа түсірді

0
132

22 ақпан күні қазақстандық боксшы әлемнің вице-чемпионы Сұлтан Зауырбек (4-0, 3 КО) кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Лондондағы York Hall аренасында Сұлтан Зауырбек екінші орта салмақтағы болгар боксшысы Любена Тодоровке (6-4, 2 КО)  қарсы жұдырықтасты. Жекпе-жек төртінші раунда нокутпен аяқталды.

“Аллаға шүкір төртінші жеңісіме қол жеткіздім!!#2019 жыл сәтті басталды!”, – деп жазады спортшы өзінің Instagram парақшасында.

Айта кетейік, Сұлтан Зауырбек – 2014 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз