Қазақстандық екі клуб чемпиондар лигасында ойнайды

0
120

Футболдан қазақстандық “АФК Қайрат” және “МФК Ақтөбе” командалары кіші футболдан чемпиондар лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Бұл туралы sports.kz сайты хабарлады.

Рейтинг бойынша еуропадағы үздік 8 мини-футбол командаларына кіруіне байланысты Ақтөбе және Алматы қаласының командалары чемпиондар лигасын 1/16 ойынынан бастайды. 

Жалпы 55 команда қатысатын бұл турнирде, 46 команданың 23-і ғана 1/16 ойынына шығуға таласады. Ал үздік 9 команда бірден 1/16-ға жолдама алады. Жоғарыда атап өткеніміздей қазақстандық командалар үздік 9 команда арасында. 

Ойындар 2021 жылдың 12-17 қаңтар күндері өтеді.

Үздік 9 команда рейтингі:
1. “Барса” (Испания) — 69,001 балл;
2. “Интер” (Испания) — 60,667;
3. “Спортинг” (Португалия) — 57,999;
4. “Қайрат” (Қазақстан) — 35,667;
5. “Бенфика” (Португалия) — 33,332;
6. КПРФ (Ресей) — 24,000;
7. “Газпром-ЮГРА” (Ресей) — 20,333;
8. “Ақтөбе” (Қазақстан) — 16,000;
9. “Добовец” (Словения) — 14,501. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз