Қазақстандық файтер Рахмонов UFC рейтингінде 6 орынға көтерілді

0
176

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (17-0) UFC жартылай орта салмақ рейтингінде алтыншы орынға көтерілді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Лас-Вегаста өткен UFC 285 турнирінде Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісімен үшінші раундта Джефф Нилді (15-5) жеңген болатын. Осылайша Шавкат 17 жекпе-жек өткізіп, барлығын жеңіспен аяқтаған. Оның ішінде бесеуін UFC аренасында өткізіп, барлығында да уақытынан бұрын жеңіске жеткен.

Рахмоновтың бұл жекпе-жектегі гонорары 171,5 мың АҚШ долларын құрады. Оның ішінде жалпы жекпе-жек үшін 36 мың, жеңісі үшін 36 мың, демеуші тарапынан 6 мың, және үздік жекпе-жек көрсеткені үшін 50 мың доллар алды. Бұдан бөлек қарсыласының салмағы белгіленген нормадан асып кеткені үшін Джефф Нилден айыппұл ретінде 43,5 мың доллар алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз