Қазақстандық футбол клубтарының табысы анықталды

0
108

Әлемдік футбол командаларының 2018 жылғы орташа табысы жариялады. Бұл туралы Sporting Intelligence cайты хабарлады.

Англия премьер-лигасысының табысы ең жоғары екендігі анықталды. Бұл премьер-лига командаларының футболшылары жылына шамамен 3,93 миллион доллар (1,4 миллиард теңге) табады. Сондай-ақ, табысы жоғары команданың үштігіне испаниялық Ла Лига (2,89 миллион доллар) мен италиялық  Серия А (1,99 миллион) кіреді.

Ал, қазақстандық премьер-лига бұл тізімде 25-орынға тұрақтаған. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан премьер-лигасы орташа есеппен жылына 148 мың доллар (55 миллион теңге) табады.

Табысы жоғары 10 команданың тізімі:

1. АПЛ (Англия) – 3,93 миллион доллар;

2. Ла Лига (Испания) – 2,89;

3. Серия А (Италия) – 1,99;

4. Бундеслига (Германия) – 1,83;

5. Лига 1 (Франция) – 1,3;

6. Суперлига (Қытай) – 1,05;

7. РПЛ (Ресей) – 877мың доллар;

8. Суперлига (Түркия) – 864;

9. Серия А (Бразилия) – 670;

10. МЛС (Канада, 3 клуб) – 519.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз