Қазақстандық әскери қызметші кір көтеруден Азия чемпионы атанды

0
216
3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышбаев, фото: қорғаныс министрлігі

Қазақстан қарулы күштерінің әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышбаев кәсіпқойлар арасында 95 келі салмақ дәрежесінде кір тасын көтеруден Азия чемпионы атанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысының Щучинск қаласында өткен бәсекеге Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Үндістан, Оңтүстік Корея және Моңғолиядан келген 300-ден астам спортшы қатысты.

фото: қорғаныс министрлігі

Жарыста қазақстандық спортшы 32 келілік екі кір тасын 10 минут ішінде 93 рет жұлқи көтеріп, алтын медалға ие болды.

3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышбаев Аягөз гарнизонындағы танк құрамасында қызмет етеді. Кір спортымен әскери салаға келген соң тұрақты түрде айналыса бастаған. Қажырлы еңбек пен маңдай тердің арқасында аз уақыт ішінде әскери спортшы кір спортынан спорт шебері, қарулы күштердің чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, әлем чемпионаттарының жүлдегері атанған.

3-сыныпты сержант Сұңқар Қуанышбаев, фото: қорғаныс министрлігі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз